Арыстанбек Мұхамедиұлының дұшпандары кім? Экс-министрдің өзі жауап берді
Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистің «Дұшпаныңыз бар ма?» деген сұрағына жауап берді. Сондай-ақ, экс-министр танымал шетелдік жұлдыздарға сыйлап жүрген шапанның қанша тұратынын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сурет: facebook.com/mukhamediuly
«Мен Уинстон Черчилльдің келесі сөзін қайталаймын: «Сенің дұшпандарың бар ма? Жақсы. Бұл сенің өміріңде бірнәрсені қорғағаныңды білдіреді». Мен сол кезде 3 миллион долларды Ресейдің бір күндік компаниясына салып жібермей үшін барымды салған едім. Жалпы үнемі игі істер жасауға тырысамын. Себебі, өмір дегеніміз – бумеранг», - деді экс-министр.
Мұнымен қатар, ол шетелден келген қонақтарға сыйлайтын шапандардың қанша теңге тұратынына тоқталды.
«Құны 300-400 мың теңге болады. Бірақ бұл олардың Қазақстан үшін жасап жүрген жарнамаларымен еш салыстыруға келмейді. Николас Кейджді мазақтап, мемдер пайда болған кезде аздап ашуландым. Сол себепті мен осы жағдай туралы Пласидо Домингоға жақсылап айтып бердім. Ол бізді қолдау үшін шапан киіп, Instagram желісінде «Жергілікті дәстүрді сақтай отырып... Қазақстан – тамаша мемлекет!» - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ, ол өзінің неліктен әлеуметтік желіде неліктен белсенді екенін түсіндірді.