Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі: Ұлттық мұражай директорының экс-орынбасары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты Ұлттық мұражай директорының экс-орынбасары Алмаз Нұразханның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметіне сәйкес ол А.Мұхамедиұлы және өзге де тұлғалармен сөз байласқан. Сондай-ақ "Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесін жүзеге асыру кезінде 221 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Алмаз Нұразхан әр жылдары “Қазақстан халқын рухани дамыту қоры" АҚ президенті, "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарған. Сонымен қатар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип авторларының бірі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты