Арыстағы жарылыс: Әскери бөлім қоймасының 90 пайызы жойылды

Арыстағы халық өміріне қауіп төндірген қойманың 90%-і жойылды. ҚР қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев Арыс қаласында әскери бөлімде орын алған жарылысқа қатысты Түркістан облысында өткен брифингте осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің өңірдегі тілшісі.

сарбаз

Ведомство өкілінің айтуынша, әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан қоймадағы оқ-дәрінің 90%-інің көзі жойылған. Олардың қатарында қауіпті деп танылатын зымырандар да бар. Бақыт Құрманбаев оқ-дәрінің ол түрі абырой болғанда өрт кезінде көкке ұшпағанын, аса қауіптілік әкелмегенін атап өтті.

«Қоймада артиллериялықтан бастап атуға арналған оқ-дәрілерге дейін сақталған. Жарылыс кезінде осы екі түрінің көбі жойылды. Қазір келетін қауіп жоқ. Ауада ұшқышсыз үш аппарат ұшырылып, өрт ошақтарын бақылауда. Бүгінгі күні 3 от орны анықталды.  Десек те ірі жарылыс орын алмады.

Тұрақты қауіпті жағдай сақталуда. Қалада және іргелес аумақта радиациялық көрініс қалыпты жағдайда. Саперлер үздіксіз жұмыс жүргізуде. Бүгіннің өзінде олар 16 көшеден 70 жарылмаған снарядтарды жинап терді. Олардың барлығы қаладан шығарылып, утилизацияға жөнелтіліп жатыр. Жарылыс болатындай жағдай жоқ», - деді вице-министр. 

Брифинг кезінде Бақыт Құрманбаев 150-ге жуық сапер қала көшелерінде, теміржол бойында және әскери бөлімге іргелес аумақта тазалауды жүзеге асырып жатқанын айтты. Ал қарулы күштердің өзге қызметкерлері жеке құрамды барлық қажеттілікпен қамтамасыз етуге және қала мен әскери қалашықтың аумағын қоршауға қатысуда.

1-2 күнде саперлер қала көшелерін тазалау жұмыстарын толықтай жүзеге асырады. Содан соң темір жол қатынасы тұрақтанады, кейін тұрғындардың өз үйлеріне оралуына рұқсат беріледі.

«Төтенше жағдайдың орын алуына кімдер кінәлі?» деген сауалға министр орынбасары оны тергеу жұмыстары аяқталған соң белгілі болатынын мәлімдеді. Одан өзге ведомство өкілі ел арасында тарап кеткен «жарылыс ұрлықты жасыру үшін қолдан жасалынды» деген әңгімеге нүкте қойды.

«Ол мүмкін емес. Себебі әскери бөлім, соның ішінде қойма қатаң бақылауда. Тек біздің бақылауда емес, түрлі құзырлы органдардың жіті назарында болып келген. Жарылыс әдейі жасалынды деген шындыққа келмейді» деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетсек, жарылыс кезінде көптеген тұрғын шығынға батты. Снарядтар бірінің үйінің күл-талқанын шығарса, енді бірінің сауда орындары мен бизнестерінің дымын қалдырмады. Шығынға батқан тұрғындар өтемақысыз қалмайды. Оның көлемін арнайы комиссия анықтайтын болады.

Соңғы он жылда бірнеше рет жарылыс орын алған Арыс қаласының алдағы тағдыры не болмақ? Әскери бөлім өзге жаққа көшіріле ме, әлде қала ма? Вице-министрдің айтуынша, ол арнайы комиссия шешімінен соң белгілі болады.

Еске сала кетсек, 24 маусымда Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде төтенше жағдай жариялады. Қала тұрғындары толықтай эвакуацияланды. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...