"Арда азамат": Желіге тіркелген Бақытбек Есентаевқа жұрт қолдау білдірді
6 жыл абақтыда отырып, жуырда бостандыққа шыққан Баян Мақсатқызының күйеуі желіні шулатуда. Таяуда ғана Instagram желісіне тіркелген Бақытбек Есентаев күні кеше алғашқы суретін жариялап, жұрттың қолдауына ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сіз шыққанда қарындасыңызбен бірге қуандық. Ендігі жерде бақытты болыңыз!", "Бақытбек аға, сіз ушін өте куаныштымыз, аман болыңыз, сіз нағыз ер азаматсыз! Алла жар болсын, отбасылы болыңыз, куанышты күндеріңіз көп болсын", "Лайықты азаматсыз", "Ғұмырлы болыңыз", "Арда азамат", "Тұлпар мініп, ту ұстаңыз", – деп ақ тілегін жаудырды оқырмандар.
Айта кетейік, әлеуметтік желіге жуырда ғана тіркелсе де, Есентаевтың парақшасына 11 мыңнан аса адам жазылып үлгерген.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды