Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әрбір үшінші қазақстандықтың өзінің сырт келбетіне көңілі толмайды – Зерттеу

STADA Health Report 2024 халықаралық зерттеуі қазақстандықтардың сырт келбетіне көңілі толмау себебін артық салмақ деп көрсетті. Зерттеушілер Қазақстан азаматтарынан жан саулығы мен тән саулығы туралы сұрап білді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

“Қазақстандықтардың 40%-ы өздерінің денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ деп санайды. Ал әрбір үшінші отандасымыз дұрыс тамақтану деннің сау болуы үшін маңызды деп есептейді. Он адамның тоғызы өзіңді жақсы сезіну үшін спортпен шұғылдану керек деген ойда. Тек 3%-ы фитнес-клубтарға бару үшін орташа және айтарлықтай көп ақша жұмсайды екен. Ал қазақстандықтардың 22%-ы денсаулығын күту үшін қомақты қаржы жаратады. Тағы 16%-ы дәрумендер, минералды қоспалар мен косметика сатып алады”, – деп жазды басылым.

Қазақстан тұрғындарының үштен бірі (31%) сыртқы келбетіне көңілі толмайды екен. Жалпы Еуропада шамамен әрбір бесінші (21%) адамның өзінің сырт келбетіне көңілінен шықпайды. 49% еуропалықтардың сырт келбетіне қанағаттанбаудың негізгі себебі  – артық салмақ. Зерттеудің нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда сауалнамаға қатысушылардың 34%-ы өзінде артық салмақ бар деп санаса, 16%-ы пайызы семіздікке шалдыққан екен.

Отандастарымыз бет-әлпеті мен мүсінін қалағанынша жақсартуға ойланбастан келіседі. Алайда ондай шығынды әркімнің қалтасы көтере бермейтіні бәрімізге мәлім. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтар ең алдымен өзге емес, өзі үшін сыртқы келбетін өзгерткісі келеді. Тек 9%-ы ғана сүйіктісінің көңілінен шығу үшін осындай өзгерістерге баруға дайын екен. 

Сауалнамаға қатысушылардың 39%-ы сыртқы келбеттегі жақсы өзгерістер адамға белгілі бір деңгейде сенімділік береді деп санайды. Ал 32%-ы осылайша қартаюды тежеуге болады деген сенеді. Қалған 29%-ы сырт келбетін қалағанынша өзгерткен адам өзін бақытты бақытты сезінеді деп ойлайды. 

Талқылау