"Арасында екі жасқа толмаған бала бар": Атырауда дөнер жеген тоғыз адам ауруханадан бір-ақ шықты
Атырауда тоғыз адам дөнерден уланып, ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қаласындағы "Афиша" фаст-фуд дүңгіршегінен дөнер жеген тоғыз адам уланып қалған. Олардың барлығы құс етімен дөнер жеген. Бірі дүңгіршекке барып жесе, енді бірі үйіне тапсырыс берген.
“Облыстық инфекциялық ауруханаға астан уланған тоғыз адам түсті. Атырау қалалық полиция басқармасы тергеу амалдарын бастап кетті. Бірнеше сараптама тағайындалды. Дүңгіршек өз жұмысын уақытша тоқтатты. Ал зардап шегулер дәрігердің қалағалауында”, – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова.
Нұр-Cұлтанда суши жеп уланғандардың саны 90-нан асты
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, уланғандардың ең кішісі екі жасқа да толмаған. Барлық науқастар дәрігерлердің қадағалауында.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды