Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арақ-шараптың бәрінде ою бар": KeshYOU тобының менеджері "ұлтымызды қорлады" дегендерге жауап берді

“Америкаға барып, абыройымызды төкті” деп сынға қалған KeshYOU тобының қыздарына директоры Ләззат Баубек араша түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/keshyou_official/

Топтың продюсері Баян Алагөзова да не үшін ұлттық киімді ашық етіп тіккенін түсіндірген еді. 

“Ою деген тек баста тұратын өрнек пе?! Неге онда оюланған көрпешенің үстіне жамбаспен отырасыңдар?! Әжелеріміз киетін мәсі – аяқ киім неге оюмен жасалған?! Егер ол жерде басылып жүретін болса... Шапанның артында, етегінде, жамбасында неге ою бар?! Қазақстаннан шығатын арақ, шараптың бәріне неге оюды белгілеген?! Менің айтпағым, біткен іске сыншы болған сымақтар, ең бірінші өздеріңізді түзеңіздер. Өзіңмен күрес. Қатты ұялсаңыздар, үлгі етіп үйлеріңіздегі оюлы кілем, киіз, аяқ киім бәрін осыдан былай төбелеріңе шығарып қойыңыздар! Бәлкім одан кейін бізге үлгі боларсыздар. Біз тоқтамаймыз, бәрі алда", – деп жазды ол.



Айта кетейік, KeshYOU тобы әлемге әйгілі рэпер Snoop Dogg-пен дуэт орындап, сахналық киімдері сынға қалған еді. 

“Маған мына жерде көп адам қазақы ою-өрнек үшін ұрсып жатыр. Жарайды, онда жамбаспен көрпеге отырып, оюды аяқпен басуды қойыңыздар! Ою бейнеленген кілемді төсемеңіздер! Орынсыз жерде әулие бола қалғанды доғарыңыздаршы! Біз мұны әлемді мәдениетімізбен таныстыру үшін жасадық және бұл іс қолымыздан келді. Сіздер орынсыз сынап, хейт жазып бізді алға жетелейсіздер! Одан басқа қолдарыңнан түк келмейді”, – деп ашуланған еді Баян Мақсатқызы. 

Бұған дейін, продюсердің күйеуі, кәсіпкер Тұрсен Алагөзов Париж олимпиадасында KeshYOU тобының өнер көрсететінін айтып қалған еді. 

Талқылау