Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ халқында қасиетті саналатын жеті саны шынымен киелі ме? Нумеролог түсіндіреді

Қазақ халқы көне заманнан бастап жеті санының киелігіне, қасиетіне сеніп, өміріндегі ең маңызды, айтулы оқиғаларды, салт-дәстүрді, ата-жұртын сонымен байланыстырған. Жеті саны нумерологияда қандай рөл ойнайтыны көпшілікке беймәлім. Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі отандық нумеролог Ардана Мамедовамен сұхбаттасып, жеті санының астарында қандай мән-мағына жатқанын анықтап көрді. 

Нумерология ғылымында қасиетті, киелі сан деген түсінік болған емес. Алайда адам жеті саны сәттілік әкелуге көмектеседі дегенге жан-жүрегімен сенсе, оның еш оғаштығы жоқ екен. 

"Адам өзін қандай дүниеге сендіреді, сол орындалып жатады. Жеке басым жеті саны сәттілік, табыс әкеледі деп сенгенге қарсы емеспін. Жеті саны қасиетті деумен сонымен байланысты бұйымдарды тағып жүрсе, жанынан тастамаса, аффирмация секілді жүйе іске қосылады, айтқаны орындалады. Мысалы, жеті санының киелі екеніне сеніп, көлігіне осы сан бар нөмірді тағып жүрген адамның жолы болады, сенімінің арқасында сәттілік серігіне айналады. Әйтсе де табысты азаматқа айналуына жеті санының тікелей қатысы жоқ, ол көздегеніне жету үшін бар күш-жігерін салғанын, жағдай жасағанын ескеру керек", — дейді Ардана Мамедова. 

Нумерологтың айтуы бойынша, әр адамның өзіне тиесілі болмысын, мінезін, тағдырын айқындап беретін саны бар. Ол санды туған жылды, айды, күнді бір-біріне соңында бір таңбалы сан шыққанша қосып анықтауға болады. Мысал ретінде 1996 жылдың 7 ақпанында туылған адамның өмірлік санын айқындап көрелік. 0+7+0+2+1+9+9+6= 34,  3+4=7. Қосындының мәнінде 7 саны шықса, бұл адам туа біткен ойшыл, философ дегенді білдіреді екен. 

"Нумерологияда тағдыр саны және өмір жолының саны деген ұғым бар. Бұл сан біздің тағдырымызды, түрлі жағдайларда өз-өзімізді қалай ұстайтынымызды, қандай мамандық таңдайтынымызды айқындайды. Жеті саны жанына жақын адамдар —  туа біткен психологтар, өз-өздеріне көптеген сұрақтар қоятын философтар, ойшылдар. Олар көкейін мазалаған сұрақтарға өзінің ішкі жан-дүниесінен жауап іздейді", — дейді нумеролог. 

Сұхбат барысында маман кез келген адамның жеке жылын есептеп, анықтау арқылы оның  қай бағытта жұмыс істеу керектігін, өміріндегі  өзгерістер мен процесстер неліктен сол жылы, сол жаста орын алатынын анықтауға болады. Әркімнің жетінші жеке жылы бар. Сол кезде не істеу керектігін біліп жүру көптік етпейді. 

"Жетінші жеке жыл оқуға, біліктілікті арттыруға, өз-өзіңізді жетілдіруге, дамытуға өте қолайлы. Осы жылды өткізу адамға эмоционалды тұрғыда қиындау түседі. Жыл ол үшін ұзаққа созылғандай, өтпей қойғандай болады. Бұл жылы кәсіпкерлікпен айналыспаған жөн, инвестиция жасауға да кеңес бермеймін. 

Дәл осы кезеңде адам өзінің ішкі дүниесіне жиі үңіле бастайды, өмірінің мәнін іздейді. Жалғыз өзі болғысы келіп, "Менің өмірімнің мәні не?", "Неге мен осындаймын?" дегендей көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Культизм бірінші орынға шығып кетеді. Көбісі осы жетінші жылы дінге бет бұрады, көкейін мазалаған сұрақтарға жауапты діннен іздейді. Таба алмаса, тағы да ізденіп, нумерология, астрология сынды ғылымдарға қызыға бастайды. Ғаламның қалай құрылғанын, адамның болмысы қандай екенін зерттеп, анықтағысы келіп тұрады", — дейді Ардана Мамедова.

Сандардың адам өмірінде маңызды рөл ойнайтыны ғылым ретінде дәлелденген. Қарапайым санның адам болмысы жайында ғана емес, жыл ішінде болатын өзгерістерді де айтып бере алатынын осыған дейін жазған едік. 

 

Автор: Ай-Ару Шаймерден

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі

ЦентрКредит Банкіне ЕҚДБ теңгемен 40 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде кредит береді

Кредит беру туралы келісімге Алматы қаласында 12 желтоқсанда қол қойылды

Біртанов екпе салдарынан көз жұмды деген сәбидің оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Министр баланың отбасына көңіл айтты және осы факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады

Ерболат Беделханнан әке-шешесінің қалай өлгенін сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді

Продюсер: Әлі қырқы өткен жоқ, айта алмаймын

«Ақысын төлеймін»: Жапониядан келген қазақ келіншегі өзіне әке сатып алмақ

Назым Мукайяма әкелік мейірімді сезінгісі келеді

Сирек кездесетін металл алтынның абсолютті рекордын жаңартты

Сирек металдың бір унциясы 1912,35 долларды құрайды

Жедел жәрдем шақырудан бас тартты: Алматы тұрғыны пойызда күйіп қалған қызына көмек көрсетілмегенін айтты

ЖӘбірленуші: Жжолаушы әйелдің көмегімен аман қалдық

"Өнерге келгенде тоқалдың баласы сияқты қарап қалады": Саттар Ерубаев әртістердің қанша алатынын айтты

Актер: Қырылып, төбелесіп жатсақ, елге сол қызық, жыршы-жыраулар қызық емес

АҚШ президенті Тоқаевты құттықтады

Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті

Қарағандыда өзгенің қолынан өлген 3 жасар баланың анасы түрмеге жабылуы мүмкін

Әйел ұрлыққа қатысы бар деп күдіктелуде
Çàãðóçêà...