Ақылы жолдан түскен ақшаның бір бөлігі үкіметтің қарызын жабуға жұмсалады

Қазақстанда ақылы жолдан жиналған ақшаның бір бөлігі енді үкіметтің қарызын жабуға жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Енді ақылы тас жолдардан түсетін табыс мемлекет бұрын жол салуға алған несиелердің пайызын өтеуге бағытталмақ. Бұл бастаманы Қаржы министрлігі көтерді.
“Қазір билік автомобиль жолдары туралы заңға түзетулер енгізуді қарастырып жатыр. Бұл өзгерістер ақылы жолдардан түскен қаражатты тек сол жол учаскелерін күтіп ұстауға ғана емес, сондай-ақ жолдарды салу, қайта жаңарту және жөндеу үшін мемлекет алған қарыздарды өтеуге де пайдалануға мүмкіндік береді”, – дейді жауапты ведомство.
Бұдан бөлек, жүргізушілер төлейтін ақшаны республикалық және халықаралық маңызы бар, бірақ ақылы жүйеге кірмейтін өзге автомобиль жолдарын салуға жұмсау қарастырылып жатыр.
"Қазавтожол" компаниясы 2025 жылы ақылы жолдардан 87 миллиард теңге жиналғанын мәлімдеген еді. Ресми дерек бойынша, ол қаржы жолдарды күтіп ұстауға кеткен.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Оқыңыз