Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе қаласында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған OTBASY FEST отбасылық фестивалі өтті

Отбасы фестивальі сахнасы
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған OTBASY FEST отбасылық фестивалі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту және бос уақытты тиімді ұйымдастыру.

Фестивальдегі балалар
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Фестиваль аясында 2000-ға жуық тұрғын қамтылып, балалар мен ата-аналарға арналған түрлі спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы іс-шараларға белсенді қатысты.

Фестиваль бағдарламасы таңғы йога және зумба жаттығуларынан басталып, спорттық жарыстар, балалар эстафеталары, ұлттық ойындар, интерактивті алаңдар және шығармашылық бағдарламалармен жалғасты. Қатысушылар асық ату, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, веложарыс және басқа да сайыстарға белсенді қатысты.

Фестиваль өтіп жатыр
Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Іс-шараның ресми бөлімінде Астана ауданының әкімі Б.Қырықбаев сөз сөйлеп, фестиваль қатысушыларын құттықтады.

Мереке аясында 18 ана "Күміс алқа" төсбелгісімен, 9 отбасылық ансамбль, сондай-ақ "Алтын той", "Күміс той", "Қола той" аталымдары бойынша отбасылар марапатталды.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2026 18:52