Ақтөбе облысында 27 жастағы ер адамды танысы пышақтап өлтіріп кетті (видео)

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында ер адамды тұрғын үй ауласында пышақтап өлтіріп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан жерде қансырап, ес-түссіз жатқан адамды көруге болады.
Полиция мәліметінше, 27 жастағы ер адамның денесі көпқабатты үйлердің бірінің аумағынан табылған.
Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол марқұмның 22 жастағы танысы болып шыққан.
Оқыңыз“Алдын ала тергеу барысында олардың бірге ішімдік ішкені анықталды. Сол кезде араларында жанжал туындап, күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салған”, – делінген хабарламада.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция “Адам өлтіру” дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеті жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Талдықорғандағы асханалардың бірінде әйелді пышақтап кеткені туралы жазған едік.