Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен бұрын-соңды көрмеген туған әкесінен жүкті болып қалған

Жүкті әйел
Фото: Magnific.com

Жапонияның Сайтама қаласында тұратын студент қыз ақша үшін кездесіп жүрген ер адамның өзінің туған әкесі екенін кейін білген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Tokyo Reporter басылымының мәліметінше, 21 жастағы Вакана Сонобэ бүркеншік есімімен жүрген бойжеткен туған әкесін ешқашан көрмеген.

Оның анасы әкесімен 17 жасында, өзі жұмыс істеген дәмханада танысқан. Ол кезде ер адам одан он жас үлкен әрі үйленген болған. Қыз жүкті болып қалғаннан кейін олардың қарым-қатынасы үзілген. Кейін дүниеге қыз бала келген. Анасы оны жалғыз өзі тәрбиелеген, ал ер адамның әйелі күйеуінің опасыздығы жайлы білген соң, екеуі ажырасып кеткен.

Вакананың анасы баласы болғандықтан, мектепті аяқтай алмаған. Вакана анасының тағдырын қайталағысы келмей, университетке түсуге тырысқан. Ақша қажет болған кезде танысы оған қалталы ер адамдармен таныстырып, кездесуге ақша төлейтін қосымша туралы айтқан.

Сол қосымша арқылы Вакана 48 жастағы ер адаммен танысқан. Араларындағы үлкен жас айырмашылығына қарамастан, олардың қарым-қатынасы тез романтикалық сипат алып, шамамен екі жылға созылған.

 Бойжеткен университеттің үшінші курсында оқып жүргенде жүкті болып қалған. Сол кезде ер адам оған тұрмысқа шығуды ұсынған. Бойжеткен қарсы болмаған. Кейін ол ер адамды анасымен таныстыруға апарған. Дәл сол кезде оның кездесіп жүрген адамы өз әкесі екені анықталған.

Вакана бірнеше күннен кейін түсік жасатқан.

“Тағдырыма налудан басқа амалым жоқ”, – дейді ол.

Балнұр Рахматуллақызы
Жексенбі, 03 Мамыр, 2026 17:15