Атырау облысы Теңіз кен орнында тексеріс жүргізіліп, 30-ға жуық шетелдік елден шығарылды
Көші-қон қызметі комитеті Теңіз кен орны аумағында тексепіс жүргізді. Нәтижесінде 27 шетелдік азамат Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көші-қон қызметі комитеті Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық кентінде шетелдік азаматтардың ел аумағында болу заңдылығын тексерген.

Тексеру нәтижесінде 27 адам ел аумағынан шығарылды. Оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданған.
Іс-шара барысында шетелдік азаматтар мен оларды қабылдаушы тарапқа көші-қон заңнамасының талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, елде болудың рұқсат етілген мерзімдері және оны бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілген.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру және қандас мәртебесін беру ережелерін өзгерткені туралы жазған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
