Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Apple компаниясына қолданушылардың әңгімесін рұқсатсыз тыңдағаны үшін шағым түсті

Apple-ге Siri арқылы қолданушылардың дауысын рұқсатсыз жазғаны үшін шағым түсіп жатыр. Атап айтқанда, адамдардың жеке әңгімелері келісімсіз тыңдалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бұл ретте корпорация айыптауларды жоққа шығарады. Apple-ге қарсы сот ісінде iPhone смартфонында Siri іске қосқаннан кейін ол иелерінің жеке әңгімелерін үнемі жазып, ақпаратты жарнама берушілерге жеткізетіні айтылды. 

Екі шағымданушы да әңгімелесу арқылы Air Jordan кроссовкалары мен Olive Garden мейрамханалары туралы айтқан. Содан соң оларға телефоннан осы брендтердің жарнамалары шыға берген. Тағы бір жәбірленуші дәрігермен денсаулықты талқылағаннан кейін хирургиялық емдеу туралы жарнамаға қалай тап болғанын айтты.



Талапкерлер Apple олардың әңгімелерін жазбас бұрын келісім жасамағанын айтады. Олардың айтуынша, бұл құқық бұзушылық 2014 жылдың 17 қыркүйегінен 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін, "Сәлем, Siri" функциясы енгізілгеннен бері болып жүр.

Егер сотта бұлар дәлелденсе, компания 95 миллион доллар төлейді. Барлық арызданушыны ескерсек, онда жалпы сомадан әрқайсысына 20 миллион доллар кетеді.

Талқылау