Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін қарап жатыр
3 шілде күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының апелляциялық алқасы мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, сондай-ақ оның жұбайы мен адвокатына қатысты істі және үкімді қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото сот процесінен
Сот кабинеті істі қарау сағат 15:00-ге тағайындалатынын жеткізді.
Еске салсақ, бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлы сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Миллиардтаған қаржы жымқырып, жекеменшік мектепті заңсыз иемденді деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталған еді. Оған екі эпизодты қамтитын қылмыстық іс бойынша үкім шықты.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген