Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арыстанбек атымды сызып тастаған": Алмат Сақатов мемлекеттік атақтың сатылатынын жайып салды

Танымал актер, продюсер Алмат Сақатов атақ-даңқ төңірегінде әңгіме өрбітіп, мемлекеттік наградалардың сатылатынын растады. Бұл туралы Ashyq podcast youtube арнасында айтып берді. 

Фото: Подкастан скриншот

Өнер иесі кино саласына да көңілі толмайтынын айтып, өкпе-ренішін білдірді. 

“Мен өнер саласында жоғары білім алмаған, театр институтын бітірмеген, Ауыл шаруашылығы, Политехникалық университеттерін бітіріп, КВН ойнап танымал болған балалар жайлы айтып отырмын. Олар қазір кино түсіріп жатыр, үлкен-үлкен жұлдыздар, концерттерді жүргізіп танымал боп кетті. Олар бұған еңбектің арқасында келді. Оқыған балалар бар, олар жалқау, жұмыс істемейді. Бірақ, атақты болғысы келеді. Ал әлгі оқымаған балалар жанталасып жұмыс істеп жатыр. Десе де шығарған дүниелері біркүндік, тез өтіп кететін нәрсеге қызығады. Ертеңіне елдің есінен шығып кетеді. Астары жоқ, айтары жоқ, бір рет тырқылдап күліп, күліп кетесің, болды", –



Сонымен қатар, актер мемлекеттен атақ ала алмай қалғанына экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптады. Айтуынша, ақша төлесең атақтың неше түрін алатын көрінесің. 

"Мен кезінде атақ алуға ұмтылып көрдім. Жігіттер екі рет ұсынды. Бір жолы бір жігіт "Бес мың доллар берсең, ертең-ақ алып беремін" деп айтты. Атақ үшін бес мың беріп не қылам дедім, онсыз да жұмысымды істеп жатырмын. Азды-көпті ел біледі. "Маған өйтіп сатып алған атақ керек емес" деп бас тарттым. "Мынау Арыстанбек министр отырғанда сен өтпейсің" деп айтқан адамдар болды. Себебі кезінде жас кезімізде ұстасып қалғанбыз. "Бауыржан шоудың дүркіреп тұрған кезі, кеудемізге нан піспек түгілі, наубайхана болған. Сондай кездерде әлгі министрмен ерегісіп қалғанбыз. Оның да кінәсі болды, негізі. Бәлкім сол есінде қалып қойды ма екен. Соны бір кездескенде өзінен сұраймын деп жүргем. Бірақ қазір арғы жаққа кетіп, отырып қалды ғой", – деді Алмат Сақатов.

Еске салайық, Алмат Сақатов Бишімбаевтың әрекетін зұлымдыққа теңеп, жауыздық туралы айтқанын жазған едік. 

Талқылау