Апатты жағдайда қонған ресейлік ұшақта қазақстандықтардың болғаны рас па - Сыртқы істер министрлігі жауап берді
Ресейде апатты жағдайда қонған ұшақ бортында Қазақстан азаматтары бар деген ақпарат желіде тарады. Бұл жағдайға сыртқы істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс жағдай 12 қыркүйекте болған. Бортында 170 адамы бар ұшақ Новосібір қаласынан 180 шақырым жердегі алқапқа апатты жағдайға қонған. Әуе лайнері Сочиден Омбыға бағыт алды.
Жолаушылар арасында Қазақстанның төрт азаматы бар деген ақпарат тараған. Әуе кемесінен қандай кінәрат шыққаны әзірге белгісіз. Зардап шеккендер жоқ. Барлығы сол облыстағы мәдениет үйіне уақытша жайғастырылған.
Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды растамады.
"Консулдыққа ешкім өтініш айтып, хабарласқан жоқ" – деді ведомстваның ресми өкілі.
Осыған дейін шұғыл қонған ресейлік ұшақ бортында төрт қазақстандықтың болғаны хабарланды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"