Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жомарт" кенішіндегі апат: "Қазақмыс" кеншілердің өліміне тау жынысының опырылуы себеп болмағанын мәлімдеді

Ұлытау облысындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" шахтасындағы жарылысқа байланысты тергеу мәліметтері пайда болды. Анықталғандай кеншілердің өліміне тау жыныстарының опырылуы себеп болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Кеніштегі жұмыс қазір тергеу аяқталғанға дейін тоқтатылды. 

“Алғашқы нұсқада қайғылы оқиғаға тау жынысының опырылуы себеп болғаны айтылды. Алайда апаттан құтқару тобы опырылудың болмағанын анықтады. 

Табиғи газдың жарылуына не себеп болғаны талданып жатыр. Компания үкіметтік комиссиямен және тергеу органдарымен қоян-қолтық жұмыс істеуде және қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарына түзету енгізуді жоспарлап отыр”, – делінген компания хабарламасында.



Соңғы үш жылда Қазақмыс еңбек қауіпсіздігіне 87 миллиард теңгеден астам инвестиция салған.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС-ның Жомарт кеніндегі үйінді астынан жеті қызметкердің де денесі табылды. Кейін қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көлемде жәрдемақы берілетіні белгілі болды.

Талқылау