Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әп-әдемі баланың саған қарауы мүмкін емес": Мереке тұрмысқа шығар алдында анасын көндіре алмай қиналған шағын есіне алды

"Тек қана қыздар" телесериалының бас кейіпкерлері Мереке мен Арсен — махаббат жасқа қарамайды дегенді тағы бір мәрте дәлелдеп, бір шаңырақ астында бақытты өмір сүріп жатқан отбасылардың бірі. Өзінен алты жас кіші жігітпен шаңырақ көтерген Мерекенің біраз сынға іліккені белгілі. Сүйіктісіне тұрмысқа шығу үшін оған анасына Арсен екеуі бір-бірін шын жақсы көретінін дәлелдеуге тура келді. Екі жастың шаңырақ көтеруіне түбегейлі қарсы болған анасын қалай көндіргенін ерлі-зайыптылар "The Эфир" бағдарламасында айтып берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жас жұбайлар жас аралығына байланысты көп сынға ілінгенімен, туған-туыстарынан жағымсыз пікір естімегенін алға тартты. Тек үйленер алдында Мерекенің анасы ғашықтардың шаңырақ көтеруіне түбегейлі қарсы болғанын айтып, бастан өткен оқиғаларымен бөлісті. Мерекенің айтуы бойынша, анасы Арсенмен "Сырға салуда" алғаш рет кездескен. 

"Маған сырға салуға Арсеннің мамасы, туыстары келді. Мен жақтан мамам, апаларым болды. Мамам сырға салу кезінде жақсы отырса да, мүлдем сөйлемеді. Абдырап қалғанын түрімен көрсетіп қойды. Сырға салу біткен соң, Арсендер өз үйіне, біз өзіміздің үйге қайттық. Үйге келгеніміз сол еді, анам маған: "Сен ана балаға не істедің?", - деп ұрыса бастады. "Қалай не істедің? Мама не айтып тұрсыз?"- деп басында күлдім. Енді жұрттың басын айналдырып алған, бүйтіп-сөйтіп алған дегенді жеткізгісі келіп, жылайын деп тұрды. "Сен бірнәрсе істегенсің. Сөзбен алдағансың", - деді. Ал мен мүлдем олай емес екенін түсіндіріп әлек болдым", — дейді Мереке. 


Тағы оқыңыз

"Бәрібір жыламаймын, көкбетпін": Мереке Қалбаева "өліп қал" дейтін әйелдерге жауап берді

2020 жылдың демалыс және мереке күнтізбесі: Қазақстандықтар қалай демалады


Мерекенің айтуынша, анасының сөзін естіген жанындағы Сәуле апасы оған екі жастың бір-бірін жақсы көріп қосылғанын түсіндірген. Анасы арада махаббат бар екеніне сонда да күмән келтірген. 

"Жап- жас, әп-әдемі баланың саған қарауы мүмкін емес. Ол балаға не жетпей жүр?", - деді. (...) Түнгі екі-үштерге дейін мамамды көндіре алмадық. Таңға дейін ұрыспақшы менімен. "Сен ана баланы қор қыласың", - деді. Қоя салайық деп тұр. Екі де ме, үш те ме, мен жыладым. "Мама, сонда ішіңнен шыққан қызыңа сенбей отырсың ба?", - дедім. Не керек көнбеді. Мамам енді жас баланың өмірін құртасын, ертең қанша әңгіме болады деумен өз ойын айтып тұр", — дейді жайдарманшы. 

Мерекенің айтуы бойынша, анасының қатты уайымдауының себебі Арсеннің Аралдан болуында жатыр екен. Анасы ертең қызым ауылда тұрса, әбіржіп кетеді. Күйеуі әдемі, ал өзі сүйкімсіз болып қалады деп қорыққан екен. "Ауылға барған соң, бір айдан кейін күйеуін сені түрің өзгергендіктен жек көріп кетеді",- деп отыр ғой. Мамама оның түрге қарайтын болса, менімен баяғыда-ақ жүрмей қоятынын түсіндірдім", — дейді Мереке.

Анасын көндіре алмаған бойжеткен болашақ күйеуі Арсенге қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіріп, үйге анасымен сөйлесуге шақырады.

"Ұйықтап жатқанмын. Мереке жылап звондаған кезде шошып кеттім. Біреу ұнамай қалды ма деп ойладым. Анасы: "Шынымен жақсы көресің бе қызымды? Сені қорқытып қойған жоқ па?" - деді. Жоқ деп жауап бердім. Он бес минуттай сөйлестік. Сөйтіп ойынан қайтты ғой", — дейді Арсен. 

Мерекенің сөзінше, анасы имамнан қызы жігітінен алты жасқа үлкен екенін айтып, Шариғат бойынша олардың шаңырақ көтеруге құқықтары бар не жоғын анықтапты. Имамнан он бес жасқа дейін рұқсат берілгенін біліп, көңілі орнына түсіпті.

Сұхбат барысында Мереке Арсенге дейін жігітпен жүрмегенін, Арсендей адамды армандағанын айтты. Өз кезегінде жайдарманшының күйеуі Мерекенің қылықтарына ғашық болып, жақсы көріп қалғанын тілге тиек етті. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Ақерке Ысқақ бала күнінен шетелде тұруды армандағанын айтады

"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты

Әнші Лейсан есімді арудың арманын орындаған еді

ҰҚҚ "Олимп" арқылы онлайн бәс тігу тоқтатылатынын хабарлады

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Тараздағы оқушы қыздың зорлануы: Облыс әкімі оқиғаға байланысты жауапкершілікті сезінетіндігі жайлы жауап берді

Бұған қоса ол аймақтағы дәретханалардың құрылысы жайлы айтты

11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған соң мектеп директоры мен білім бөлімінің басшысы жұмыстарынан кетті

Бұл мектепте көктемде осыған ұқсас жағдай орын алған

Алматы облысында қалтасына бір миллион теңге басқан шенді ұсталды

Оның қалтасынан бес, он және жиырма мыңдық қағаз ақшалар табылған

Риддер қаласы суға кете жаздады

Жергілікті ірі су құбырында жарылыс болған

Ақмола облысында төрт баланың анасын бірнеше тонна бидай мен бетон тақта басып мерт қылды

Оқыс оқиға наубайханада орын алған
Çàãðóçêà...