Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анталияда әуежайдағы ереуілге байланысты рейстер кейінге шегерілді

Анталияда әуежай жұмысшыларының ереуіліне байланысты халықаралық және ішкі рейстер кешігіп жатыр. Кейбір ұшақтар бір тәуліктен астам уақыт бойы ұшуға рұқсат күтіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Alanya Postasi басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: antalya-havaliman.6md.ru

Түркияның курорттық аймағының туризм индустриясы жағажай маусымының қызған шағында дағдарысқа ұшырап жатыр. Бұл әуе қозғалысын басқарушылардың ереуілімен байланысты.

Анталия әуежайындағы қызметкерлер жұмыс істеуден бас тартып, жұмыс белсенділігін әдейі азайып отыр. Осы жағдайдың салдарынан әуежай жұмысында жоспардан тыс рейс кешігуі және ұшу уақытының ауысуы сынды кедергілер болды.

Әуежай қызметкерлері басшыларынан жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр. Қазір олардың жұмысы айтарлықтай баяулады, бұл ұшу кестесіне әсер етті. Осыған байланысты әуе компаниясы үлкен қаржылай шығынға ұшырады.



Анталия әуежайындағы наразылық әуе компанияларының бірі  жолаушыларға алдын ала ескертпей Газиантеп, Самсун, Ван және Измир қалаларына рейстерді тоқтатқаннан кейін басталған.

Жолаушылар әуежай ғимаратында наразылық білдіре бастаған. Осыдан кейін наразы адамдар әуе компаниясының кеңсесіне басып кірген.

Бұған дейін Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігі Анталия әуежайында 2024 жылы маусымда өткен жылмен салыстырғанда әуе қозғалысы рекордының жаңарғанын мәлімдеген еді.

Ведомствоның мәліметінше, курорттық қалалық әуежай 199 751 адамды қабылдап, 1 175 рейске қызмет көрсеткен. Қызметкерлердің наразылығы дәл осы көрсеткіштермен байланысты болуы мүмкін. Себебі бұл үлкен жұмыс уақытын көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда сириялық босқын 7 жасар қызды зорлағаннан кейін этникалық қақтығыс басталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау