Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлының мәйіті табылды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның із-түссіз жоғалып кеткен ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.
Суыт хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
“Марқұмның неден қайтыс болғаны белгісіз. Жаны жәннатта болсын”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кеткені хабарланған еді.
Ақпаратқа сәйкес, ол 24 наурызда Алматыдағы Коперник көшесіндегі үйінен шығып, қайта оралмаған. Үстінде қара спорттық киім болған.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады