Әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жығу ісінде Мұқасан Шахзадаев куәгер болып шықты

Алматыда “Нұр-Мұқасан” тобының солисі Ғалымжан Сүлейменді соққыға жығу дерегіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл іс бойынша танымал әнші Мұқасан Шахзадаев куә мәртебесінде көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот кабинетінде жарияланған мәліметке сүйенсек, іс 2025 жылғы маусымда тіркелген. Қылмыстық істі Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты қарап жатыр. Істі судья Бейнегүл Қайсина жүргізеді. Ал сотталушы ретінде Мұқасан Шахзадаевтың әкімшісі Азамат Есеркенов көрсетілген.
Сотта жәбірленуші Ғалымжан Сүлеймен жанжалдың неден басталғанын айтып берді. Оның сөзінше, түсініспеушілік әнші Мұқасан Шахзадаевтың бұрынғы әріптесі Нұрлан Қонысбаевпен жұмыс істеуіне байланысты туындаған.
ОқыңызҒалымжан Сүлеймен 2013-2016 жылдары “Нұр-Мұқасан” тобының арт-директоры болғанын, кейін Мұқасан Шахзадаев пен Нұрлан Қонысбаевтың қайта бірге сахнаға шығуына ықпал еткенін айтты.
“2025 жылғы 19 қарашада Мұқасан ағаның үйіне бардым. Ол маған агрессия танытып, балағат сөздер айтты. Кейін үйге кіріп, қойған сұрақтарына жауап бердім. Мұның бәріне іштарлық пен көре алмаушылық себеп болды деп ойлаймын”, – деді Ғалымжан Сүлеймен сотта.
Жәбірленушінің айтуынша, дәл осы оқиғадан кейін арадағы жағдай ушыққан.
Қазір іс сотта қаралып жатыр. Түпкілікті құқықтық бағаны сот береді.
Мән-жайы
Еске салайық, былтыр қарашада “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін сабап тастағанын мәлімдеді. Ғалымжанның айтуынша, жанжал әндерді рұқсатсыз орындағаны үшін сотқа беру мәселесінен туындаған. Келісім жасасқаннан кейін, Мұқасан адамдарымен бірге келіп, оны сөзбен қорлап, соққыға жығып кеткен. Сол сәтте әнші мас болған. Жәбірленушіге ота жасалып, мұрны мен қолы сынған.
Ғалымжанның адвокаты Инга Иманбай оқиғаның келісіммен шешілуге тырысқан кезде шабуылға ұласқанын және Мұқасан бірнеше күн байланысқа шықпағанын айтты. Алматы ПД қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізді. Кейін Мұқасан Шахзадаев ұсталды, тергеу амалдары басталды. Адвокат 107-бап 2-бөлігі бойынша, алдын ала сөз байласумен денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша, түрме жазасы талап етілетінін айтты.
Бұған қарамастан Мұқасан Шахзадаев алматылық концерттің бірінде сахнаға, көрермен алдына шыққаны байқалды.
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді