Аңшылар тарихтағы ең үлкен аллигаторды қармаққа түсірді
Миссисипи жабайы табиғат, балық шаруашылығы және саябақтар департаментінің мәліметі бойынша, бір топ аңшы Миссисипи тарихындағы ең үлкен аллигаторды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Apnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт штат тұрғындары Дональд Вудс, Уилл Томас, Джои Кларк және Таннер Уайт Миссисипидің батысындағы өзеннен салмағы 802,5 фунт (364 келі) аллигаторды ұстады.
Осылайша, аңшылар ауланған аллигатордың ұзындығы бойынша рекорд жаңартты. Олар ұзындығы 14 фут 0,75 дюйм және салмағы 766,5 фунт аллигаторды қармаққа түсірді.

"Оны ұстау жеті сағатқа созылды. Аңшылар аллигаторды сегіз-тоғыз рет қармаққа түсіруге әрекет етті. Дональд Вудстың айтуынша, аллигатор аңшының қолындағы жабдықты тістеп, таяқтары мен катушкаларын сындырған", – деді New York Post.
Миссисипидегі аллигаторларды аулау маусымы жыл сайын тамыз айының соңғы жұмасында болады. Бұл жылы маусым 4 қыркүйекте аяқталады.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген