Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Юрий Шатунов көз жұмды

 "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатунов дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші 48 жаста еді.

Бұқаралық ақпарат құралдары ресейлік әншінің жүрек ауруынан Домодедово ауруханасында қайтыс болғанын жазып жатыр.

"Бүгін түнде жедел жәрдем көлігінде Юрийдің жүрегі тоқтап қалды", –  деген әнші Аркадий Кудряшов ТАСС-қа.

Ол өлімнің себебін “инфаркт” деп атаған. 

Әнші 1973 жылы Башқұртстанда дүниеге келген, анасы көз жұмғаннан кейін 12 жасында Орынбор балалар үйіне түскен.

1986 жылы ол композитор Сергей Кузнецов құрған "Ласковый май" тобына қосылды. Топтың қалған қатысушылары балалар үйінің тәрбиеленушілері болған. Топтың құрамында 1988-1992 жылдары өнер көрсетті. Танымал әндері: "Белые розы", "Седая ночь", "Все напрасно", "Звездная ночь", "И упав на колени", "Клянусь", "Забудь", "Детство", "Мама", "Не бойся", "Майский вечер", "После выпускного".

1991 жылы Шатунов топтан кетіп, жеке мансабын бастады.

 

Талқылау