Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Әнші Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
29 қыркүйекте әншінің бейәдеп қылықтары әлеуметтік желілерде таралды.
“Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған. Құқық бұзушылық ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, оқиғаның шынайы мән-жайларын анықталады",- деп жазды полиция департаменті баспасөз хатшысы.
Төреғалиді құшақтап сүйген Қайрат Нұртас желіні шулатты
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Төреғали Төреәліге қатысты оқиғаны полиция тергеп жатқаны туралы хабарланған еді