Әнші Саят Медеуов тоқал алуға қарсы емес екенін айтты
Белгілі әнші Саят Медеуов “Ұйқым келмейді” бағдарламасында қазақ қоғамында өзектілігін жоғалтпаған тоқал мәселесіне қатысты ойын ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/sm_medeuov
“Қолдан келсе, асырай алса алу керек. Қаракөз қыздарымызды кез келген ұлтқа бергенше, қазақтың азаматтары алып, асырап, қазақты өмірге әкелу керек деп ойлаймын. Өз елімізге, өз жерімізге пайдамызды тигізуіміз керек деген ойдамын. Қазақ қыздарын асырау керек шығар. Тоқал алуға қарсымын деп айта алмаймын. Себебі ол – керек дүние. “Бір-екі баламен қазақтың саны көбейе ме?” деп ренжитіндер табылады. Егер Бәйдібек атамыз Домалақ анамызды алмайтын болса, Домалақ анадан Жарықшақ деген жалғыз бала тумайтын болса, Албан, Суан, Дулат деген үш ру болмайтын еді. Сол бір баладан көбейдік. Солар Алматы, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған сияқты үш облыста отыр. Осындай дүниелерді қолға алу керек деп ойлаймын. Бір бала болса да, мейлі, қазаққа пайдасы тисе болғаны”, – дейді өнер иесі.
Айта кетейік, Саят Медеуов әріптесі Төреғали Төреәлінің әрекетіне қатысты пікір білдірген болатын.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды