"Кім болсаң, ол бол": Саят Медеуов қапаста жатқан Төреғали Төреәлі туралы айтты
Танымал әнші Саят Медеуов “Ұйқым келмейді” басы даудан арылмайтын әріптесі Төреғали Төрәлінің оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/sm_medeuov/toregalitoreali
“Өнерде жүргеннен кейін елге үлгі болатындай жолмен жүруіміз керек. Мейлі, кім болсаң, ол бол. Өнер адамы болған соң дұрыс жүру керек деп ойлаймын. Иә, майда-шүйде қателіктер болып жатады. Жаман сөз айтып қоюы мүмкін, ішіп отырған, қыдырып жүрген жерінен видеоға түсіп қалуы мүмкін. Жарайды, ондай нәрселерге кешіріммен қарауға болады. Бірақ бұл жерде қателік болды, несін жасырамыз? Оны жақтап жатқан өнер адамдары бар. Меніңше, біз әр нәрсені байыппен қарауымыз керек. Сол іспен айналысып отырған тиісті мамандар бар. Солар шешіп, сол адамдар жауап беруі керек деп ойлаймын. Мен бір нәрсені кесіп айтудан аулақпын”, – дейді әнші.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен