Әнші Мөлдір Әуелбекова намаз оқуына кімнің себепші болғанын жасырмай айтты
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова бір сұхбатында намазға қалай келгенін бастан-аяқ айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Әкем маған көбірек айта бастаған кезде, Алла маған сондай ой салды. Бір күні өзіммен-өзім отырдым да, әкеме келіп: “Әке, сізге уәде етемін. Мен қалай тұрмысқа шығамын, бірден намазға жығыламын” дедім. Мен желтоқсан айында тұрмысқа шықтым, қаңтардың ең бірінші аптасында өзіммен өзім намазға жығылдым. Мен арнайы жаттап, дайындалған жоқпын. Үйде әкемнен көріп жүрген нәрселерді, қалай оқылатынын білемін. Неден кейін не оқылатынын білемін. Бәрін ақ қағазға көзіме көрінетіндей етіп жазып алдым да оқыдым. Жатқа білмеймін. Кейбір негізгі сүрелерді білемін. Уәдемде тұрдым да, намазға жығылдым. Алла мені солай намазға алып келді. Алланың қалауымен әкем себепші болды”, – дейді Мөлдір Әуелбекова.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"