Әнші Ксения Ашиғалиеваның күйеуі босатылды
Алматылық әнші Ксения Ашиғалиеваның күйеуі босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Темір торда ұстау жазасы үйқамаққа ауысты. Соттағылар Ашиғалиевті темір торға қамап ұстауға еш негіз жоқ екенін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, алматылық әнші Ксения Ашиғалива оны күйеуі соққыға жығып, өлтірмек болды деп айыптаған болатын. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі "НеМолчи.kz" қорында жарияланды. Әйел көгерген денесін көрсетіп желіге видео салып, көпшіліктен көмек сұраған.
Артынша әншінің күйеуі Бауыржан Ашиғалиев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Ксения көгерген іздерді денесіне өзі салған. Алайда, Алматы қалалық полиция департаменті гитаристі уақытша қамауға алған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды