Әнші Индира Еділбаева тойға дайындықты бастап кетті
Жақында жас әнші Индира Еділбаеваға сүйіктісі ұсыныс жасаған болатын. Эстрада жұлдызы әлеуметтік желіде тойға дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Тойға 37 күн қалды. Тойды және тойға қатысты дүниелерді жақсы көремін. Өзім көп жылдар бойы осы салада жұмыс жасадым. Сондықтан ұйымдастыру жұмыстарына мұқият әрі асқан жауапкершілікпен қараймын. Тойға дейін күнделік бастап, жазамын деп шештім. Оқырманым да маған қарап қуаныштарын барынша әдемі етіп ұйымдастырғанын қалаймын. Арасында маңызды дүниелермен де бөлісіп тұрамын”, – дейді әнші.
Өнер иесі неке жүзігін қарастырып қойыпты.
“Әрине, біз неке жүзігімізді Cartier брендінен аламыз. Бұл менің арманым еді”, – деп жазды Индира Еділбаева.

Бұған дейін Индира Еділбаеваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға қсыныс жасағаны туралы жазған болатынбыз.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген