Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әнші еткен халық": Гүлзира Айдарбекова не себепті сахнаға шығып жүргенін түсіндірді

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова сахнаға шығу себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: “Жақсы адамдарым” бағдарламасынан үзінді

Қазақ эстрадасының жұлдызы Шаһизада Гүлзира Айдарбековамен бірге жеке парақшасында тренд видеоны жариялады. Желі қолданушылары Гүлзираның даусы жоқ екенін жарыса жазды. Продюсер де өз кезегінде оқырмандарына жауап берді. 

“Шәкеңнің сахнада жүргеніне 40жыл толды емес па?! Мен мүлдем әнші емеспін. Мені әнші еткен – халық. “Қызымды ұзатып бер”, “Ұлым мен келінімді кіргізіп бер”, “Аға екеуіңіз той алдында әннен шашу шашсаңыздар”, “Жолдарыңызды берсін” деп өтініш жасайтын жандар көп. Көңілдерін қимай, келісеміз. Қуаныштарына ортақ боламыз”, – деді Гүлзира Үсенқызы. 



Сонымен қатар жүрегіне әншіліктен гөрі продюсерлік жақын екенін де жасырмады. 

“Өзіме продюсерлік жұмысым ұнайды. Сол жұмысым бәрінен жоғарырақ. Жалпақ тілмен айтсам, продюсер – зауыт, әнші – өнім. Продюсер мықты болса, әнші жоғалмайды. Жаңа түрлі жобалар жасайды. Спортшылардың да бапкері мықты болса, чемпион болады. Сол секілді дүние”, – деді продюсер. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова жолдасымен бірге қыдырмайды дейтіндерге жауап берген еді. 

Талқылау