Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Танымал әнші Ayree жаңа өмірге қадап басып, сүйіктісімен мешітте некесін қидырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ayreeofficial/
Бұл қуанышты жаңалықты өнер иесінің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті.
Ayree неке қию рәсімінен фотоларды бөлісіп, ел назарына ұсынды.
Айта кетейік, әнші ару мен оның сүйіктісі 20 желтоқсан күні мешітте неке қиған.
Қос ғашықтың бақытты сәтіне жақын достары куә болып, бақыт тіледі.
"ЖанҰя", – деп жазды Ayree суреттердің сипаттамасына.
Еске салайық, өнер иесіне Қытай елінің Шанхай қаласында ұсыныс жасалған еді.
“Мен “иә” дедім. Барша құттықтаулар мен тілектеріңізге алғыс білдіреміз!Барлығын оқып шықтық. Шүкір, бақыттымыз!”, – деп жазды әнші.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы