Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді мәңгілікке үндемейсің": Көпшілік Zaq пен Ayree-дің жаңа әнін марқұм Салтанат Нүкеновамен байланыстырды

Белгілі Zaq лақап атымен танылған Дулат Мұхамедқалиев әнші Ayree-мен жаңа дуэт жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Өнер иелерінің жаңа әнін тыңдарман қауым күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға арналған деп болжап жатыр. Әннің мәтінінде мынадай жолдар бар: 

“Сен мені жараладың, пышағыңды суыр. Еңді тағы кішкене, сен мәңгілікке үндемейсің. Оның орны – түрме. Ол – өрмекші тор”, – деген жолдардан тыңдарман қауым марқұмға арналған ән екенін аңғарды.

Алайда өнер иелері ешқандай пікір білдірген жоқ. 



Желі қолданушылары әлеуметтік желіде түрлі пікір жазып, әншілерге қолдау білдіріп жатыр.

“Қандай керемет ән?!”, “Zaq үнемі терең мағыналы әндерді айтады”, “Осы әнді тыңдағанда көз алдыма Бишімбаев келді”, “Салтанаттың тағдыры бір әнге сыйып тұр”, “Мен ғана ма тыңдап, жылап алған?”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, бұған дейін әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчевтің сөзіне қарсы шықты. Лейла Рамазанова Бишімбаевты “Оттело” мен “Чикатилоға” теңеу орынсыз екенін айтқан. 

 

@osyacount енді кішкене - сен мәңгілікке үндемейсің💔 @ZAQ #recommendations#recommendationsforyou#recommendationsplease#abosya#уляляося#saqimarryme#ninetyone#ninetyonetour2022#gaptour2023#засалтанат#zaq#ayree#aboomarryme#qozzymarryme ♬ оригинальный звук - 🫧ᴏsʏᴀ🫧
Талқылау