Англия құрамасының Еуро-2020-дағы жеңілісіне қапалы жанкүйерлер Лондонды астан-кестен етті
Еуро-2020-да жеңіліс тапқан Англия құрамасының жанкүйерлері Лондонда жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Тәртіпсіздіктің алдын алу үшін қала полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеген. Бұзақылық жасаған 45 адам ұсталып, кейбір көшелерде қозғалыс тоқтатылған.
Айта кетсек, 11 шілдеде Еуро-2020 чемпионатының финалында Италия мен Англия Лондондағы "Уэмбли" стадионында бақ сынасты. Негізгі ойын 1:1 есебімен аяқталып, қосымша уақытта ешбір команда гол соға алмады. Ал пенальти сериясында италиялық футболшылар қарсыластарынан мықтырақ екенін көрсетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған