Ангелина Лукас олимпиадаға лицензия беретін іріктеу турнирге қатысудан бас тартты
Ангелина Лукас Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнирге жолдама беретін спаррингтік турнирге қатыспайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Жақында ғана кәсіпқой бокстағы рейтингтік жекпе-жегін Таиландта өткізген Ангелина Лукас 54 келідегі спаррингтік сынға қатыспайтын болды. Өйткені Лукастың кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегі 20 сәуірге жоспарланған. Соған байланысты спортшы алдағы спаррингтік турнирде жұдырықтасудан бас тартып отыр. Есесіне, Лукастың орнына ел чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2016 жылғы әлем, 2021 жылғы Азия чемпионы Дина Жоламан қатысатын болды.
Айта кетейік, спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған спортшылар Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысады. Бокстан әйелдер құрамасында 57 келідегі Карина Ибрагимовада ғана Париж олимпиадасының жолдамасы бар.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі

