Басы дауға іліккен Ангелина Лукас кәсіби боксқа кетті
Ангелина Лукас кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін 18 желтоқсан күні өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан қаласында болатын бокс кешіне жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшының қарсыласы жайлы ақпарат әлі жарияланбады. Жекпе-жек төрт раундқа созылады.
Айта кетейік, аталмыш бокс кешінде Данияр және Дәурен Елеусіновтер, Иван Дычко да кездесу өткізеді.
Қыркүйек айында Қазақстан әйелдер құрамында болған жанжалдан кейін Ангелина Лукас кәсіби боксқа ауысқан болатын. Боксшы Instagram парақшасында Президентке үндеу жариялап, командадағы жағдай жайлы және Назым Қызайбаймен болған дау туралы мәлімдеген.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ