Ангела Меркель коронавирусты жұқтырды деген күдікпен үй карантиніне жабылды
Германия канцлері Ангела Меркель коронавирусты жұқтырды деген күдікпен үй карантиніне жабылды, деп хабарлайды Deutsche Welle басылымы.

Канцлерге қауіпті кеселді жақында ғана екпе салған дәрігері жұқтыруы мүмкін. Себебі кейінірек медициналық маманнан COVID-19 анықталған.
Осыдан екі күн бұрын ғана Меркельдің супермаркеттен азық-түлік алып жүрген жаңалығы желіні шулатқан еді. Енді канцлер үйден жұмыс істейді. Сондай-ақ корнавирусқа тест тапсырып, денсаулығын анықтап алуы керек.
Айта кетейік, Германияда коронавирустың өрши түсуіне байланысты қазір екі адамнан көп жиналуға тыйым салынуда. Онда індетті жұқтырғандар саны 25 мыңға жетті. Көз жұмғандар – 94. Ал 266 науқас құлан таза айығып шықты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"