"Әндерін 6 жыл зерттедім": Украиналық журналист Дмитрий Гордонның ұлы Димашқа ән жазып берді
ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергенмен украиналық журналист Дмитрий Гордонның ұлы шығармашылық байланыс орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Өнер иесінің "Smoke" атты жаңа әнінің авторы – Дмитро Гордон. Ол 6 жылдан бері Димаштың шығармашылығын бақылап жүргенін жасырмады.
“Осы кезге дейін мен жұмыс істеген әртістерге қарағанда, Димаш эксперимент жасауда әлдеқайда ашық. Әртістердің көбі тың эксперимент жасаудан жасқанады, қалыптасқан аудиториясын үркітіп алудан қорқады. Сөйтіп жүріп, олардың шығармашылық репертуары біраз уақыттан кейін тоқырауға ұшырайды. Димаш – өнер адамдарының ішіндегі ең батылы. Ол өзінің жанкүйерлері Dears-ты қатты құрметтейді, бірақ сонымен бірге өнерде жаңашылдықтан да қорықпайды. Біздің шығармашылық ынтымақтастығымыз достыққа ұласты. Сол үшін менің алғысым шексіз. Музыканы тек әріптес ретінде емес, дос ретінде жазу әлдеқайда шынайы және қызық", – деп ағынан жарылды Дмитро Гордон.
-
"Шаршағаным басылып қалды": Құлсары қаласының тұрғыны өңірге барған Димаш Құдайбергенге алғыс айтты
-
"Көрмей кете алмадым": Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен жерлестерімен кездесті
Өнерінің арқасында дүниежүзінің ыстық ықыласына бөленген Димаш та сазгерге рақмет айтып, жылы лебізін білдірді.
“Менің "Smoke" атты жаңа туындым бұдан былай барлық музыкалық платформаларда қолжетімді. Естеріңізде болса, мен бұл әнді алғаш рет Гонконгтағы жеке концертімде орындаған едім. Бұл ән тыңдарманның жылы лебізіне де ие болып үлгерген еді. Осы орайда достарым Кэндис Келли мен Дмитро Гордонға аталған туындыны жасауға үлес қосқаны үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Ән сіздердің көңілдеріңізден шықты деген үміттеміз! Жақында Будапешт пен Ыстамбұлда өтетін жеке концерттерімде кездескенше!”, – деп жазды Димаш Құдайберген.
Еске салайық, продюсер Димаш Құдайбергеннің Игорь Крутоймен қарым-қатынасын не үзгенін айтты.