Анасы темекі шегемін деп, екі айлық сәбиін тірідей өртеп жібере жаздады
Ресейдің Тамбов қаласында 19 жастағы ана темекі шегемін деп екі айлық баласын тірідей өртеп жібере жаздады. Жауапсыз әйел шеккен темекінің күлі баланың қол арбасына түсіп, оның ішіндегі сәбидің денесі күйіп жансақтау бөлімінен бірақ шықты.

Бұл туралы life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Балконда шылым шегіп тұрған бойжеткен темекісін сөндірместен бөлмеде қол арбада жатқан балаға барған. Оның темекісінің күлі арбаға түсіп кетіп, соның салдарынан екі айлық бала күйіп қалды.

Оқиғаның нәтижесінде баланың денесінің 12%-ын күйік шалған. Анасының жауапсыздығынан ауруханаға түскен сәби жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.
Осы факт бойынша тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін баланың ата-анасынан және отбасының басқа да туыстары мен көршілерінен жауап алуда.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады