Анасы: Қайрат адам тірі қалуы мүмкін емес жол апаттарынан аман шықты
Гүлзира Айдарбекова ұлының қарапайым әрі жолы болғыш адам екенін айтып мақтанды. Қайрат Нұртас осы күнге дейін бірнеше ауыр жол апаттарынан аман қалған екен.
Сурет: Қайрат Нұртастың жеке парақшасынан
Бұл туралы Гүлзира Үсенқызы қырғызстандық телеарнаға берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Stan.kz.
“Ұлыма кей жұлдыз секілді өзімшіл болма деп айтып отырамын. Танымалдылығың артқан сайын өзің қарапайым бола түсуің керек. Кей тыңдармандары “Концертте Қайрат бізбен суретке түспеді” деп ренжіп жатады. 3 000 тыңдарманымен бір күнде суретке түсіп шығу мүмкін емес. Ал көп адам болып түскен суреттерден ешуақытта бас тартпайды. Оның үстіне Қайрат бұл жерге ән айту үшін келіп отыр”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Мұнымен қатар, продюсер ханым ұлының бала күнінен жолы болғыш екенін айтып мақтанды. Бірнеше ауыр жол апаттарынан аман қалған екен.
“Қайрат – жолы болғыш адам. Мысалы, бала күнінде базарға бір футболка алу үшін баратынбыз. Сол жерде сәті түсіп бір бутиктен басқасын да алып кететін. Жаны қиналып тұрған сәтте бағы жанады. Мысалы, бірнеше көлік апатына түсті. Адам тірі қалуы мүмкін емес апаттардан Қайрат аман шықты. Өзім ұлыма продюсер болған кезде бизнес жасау туралы ойламадым. Тек ұлымның жоғары деңгейге көтерілгенін қаладым. Әрбір ана баласының жетістігін көргісі келеді. Әрбір ананың мәңгілік жеңісі – баласы. Ал баласының жеңісі – жетістігі. Бұл – менің жетістігім”, – дейді продюсер ханым.
Жіберіп алмаңыз:
Той әніне клип түсірген Асхат Тарғын жұрттан ұрыс естіп қалды (видео)
Ернардың клипі 3 күнде миллион рет қаралып, Еркенің рекордын бұзды (видео)
Мейрамбек пен Қайрат бірлесіп түсірген бейнебаян жарыққа шықты (видео)
Ең бақытты күн: Астанада Дана Нұржігіттің үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)