Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы сырттарынан жауып кеткен: Жамбыл облысында жеке үй өртеніп, екі бала қаза болды

Қайғылы оқиға желтоқсанның 2-нен 3-іне қараған түні Шу қаласында болған. Онда жеке үйлердің бірінде өрт шығып, екі кішкентай бала қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

өрт

Қайғылы оқиға желтоқсанның 2 жұлдызынан 3-не қараған түні болған. Шу қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жергілікті департамент дегерінгінше, қызыл жалын жалпы ауданы 30 шаршы метрді аумақты шарпыған. Үй заттары мен барлық жиһаздардар отқа оранған.

"Өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те "СПиАСР" мемлекеттік мекемесінің күшімен жойылды. Оны сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды", - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметінен.

Құзырлы орган мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін оқиға орнынан 5 және 2 жастағы екі баланың мәйіті табылған.



Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде екі баланың өлімінің мән-жайын айтты.

Өрт кезінде үйде балалардың сыртынан құлыптап кеткені белгілі болды.

"2022 жылғы 2 желтоқсанда Шу қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуы фактісі бойынша, өрт кезінде балалар үйде жалғыз, ересектердің қарауынсыз болғанын хабарлаймыз. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған балалардың анасы 1989 жылы туған азамат балаларды үйге қалдырып, есікті сыртынан жауып кеткен", - делінген мәліметте.

Талқылау