Анасы мен қызы демалыс кезінде өлімге әкелетін ауру жұқтырды
Перм қаласының тұрғыны Наталья Пашина мен екі жасар қызы Занзибарда демалып жатып, африкалық трипаносомозбен ауырып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.ru порталына сілтеме жасап.
Отбасы Занзибарға 2020 жылдың қараша айында демалуға барған. Демалыстан келгеннен кейін, жаңа жылдық демалыстардың уақытында қызда температура 40 градусқа дейін көтерілді. Дәрігерлер баланы және анасында трепаносомалардың тропикалық паразиті - цеце шыбыны шаққанын анықтайды.
Қазіргі уақытта қыз жергілікті ауруханада жатыр. Пашинаның айтуынша, қыздың денесіндегі уды "тамшылар арқылы" шығарып жатыр.
Жақын арада қызды Мәскеуге емделуге жіберу жоспарланып отыр.
Адамның африкалық трипаносомозы - кең таралған тропикалық ауру. Емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Бұл Африка континентінде кездесетін цеце шыбыны шаққаннан кейін пайда болатын ауру.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады