Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анар Батырхан: Бұйырса тойдың ауылы алыс емес

Анар Батырхан болашақ күйеуіне қандай талаптар қоятынын айтты. Әнші болашақта Алматыда тұратынын айтты. Тойдың ауылы алыс емес екенін меңзеген бойжеткен жоспарларын бөлісті. 

Бұл туралы “Түнгі хабарда” айтылды.

Анар Батырхан әншілігімен, актрисалық өнерімен танымал. Желіде өз оқырманы бар. Соңғы кезде вайндар түсіріп, көптің көңілінен шығып жүр. Әнші өзі ұнатқан жігіт кездессе, тұрмыс құруға дайын. 

“Мен бала күнімнен ерке болып өстім. Үйдің кенжесімін. Жақында жиендерім өмірге келді де, мені ешкім кенже деп есептемейтін болды. Бірақ мен сәбилерді жақсы көрем. Олардың күтіміне қарап жүріп, өзімнің аналық махаббатым оянды. Ана атанғым келеді. 4-5 балам болса екен деп құдайдан тілеймін. Тіпті төртем, үшем өмірге әкелсем деп армандаймын. Балалы болсам деген тілегім бар. Әйел затының уақыты ана болғысы келетін уақыты болады. Әйел затының бақыты балада. Мен солай ойлаймын. Баламен уақыт өткізу, қыздың ерте тұрмыс құруы жақсы”, – деді ол. 

Айтуынша, жеңгетайлықпен не таныстар арқылы жігітпен кездесіп, отбасын құрудың еш сөкеттігі жоқ. 

“Кейде қыз бен жігітті таныстары, достары, ата-анасы таныстырып жатады. Оның еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын. Жақсы отбасы болып кеткендер бар. Маған иманды жігіт керек. Менің еркелігімді көтере алатын, мені түсінетін, өнерімді түсінетін, менің әзілдерімен күле алатын, үйленбеген жігіт керек. Алматыда тұрамын. Басты талаптарым осы ғана”, – деді әнші. 

Әнші қыздың отбасы оң босағадан ұзатуға дайын. 

“Бұрын анам мені қимаймын дейтін. Қазір жігітің болса, таныстыр дегенді шығарды. Бірақ бәрі уақытымен. Алла қаласа, болады. Бір жігіт кездеседі. Ешкім де асықтырмайды”, – деді Анар Батырхан. 


Талқылау