"Анаңның орнына қабылдау қиын": Бейбіт Қорған әкесінің өзге әйелмен қосылғанын айтты
Бейбіт Қорған отбасына қатысты құпияның шетін ашты. Әнші анасы қайтыс болғаннан кейін, әкесінің өзге әйелмен көңіл қосқанын жеткізді. Бұл туралы әнші Hit-Tv арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында әңгімеледі, деп жазады Stan.kz.

"Үйленген жоқ. Бірақ бар ғой. Анам қайтыс болғанға дейін танып, білгендігін естіп жатырмыз. Өзінің өмірі ғой. Еркек адам өзі шешеді. Әкемізге анау деп, мынау деп ештеңе дей алмаймыз.
Бөтен адамды жақын адамыңдай қабылдау басында қиын болды. Оның үстіне, анаңның орнына... Миға сыймайтын нәрсе. Бірақ қайтесіз енді?! Әкенің де бабын табу керек", - деп ағынан жарылды әнші.
"Балам демей-ақ қояйын": Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға салынғанда анасының қалай ренжігенін айтты
Әнші 2016 жылы берген сұхбатында анасы қайтқаннан кейін, бауырларымен де ара-қатынасы бұзылғанын айтқан еді. Бейбіт отбасында төрт ағайынды. Бүгінде бауырлардың арасы тіптен алыстап кеткен көрінеді.
"Өзіңнің анаңның болғанына ештеңе жетпейді ғой. Анаңның жоқтығына байланысты ортаға іріткі салатын әңгімелер болуы мүмкін. Бауырлардың бір-бірінен алшақтайтын нәрселер туындауы мүмкін. Басқарып отырған әйелдің жанындағы еркек адам түсіндірмесе, "араласпа" деп айтпаса, ештеңе миға сыймайды. "Сенің айтқаның дұрыс екен" деп отыра берсе, солай кете береді", - деді Бейбіт.
Айта кетейік, әнші осы сұхбатында әйелінің төркініне кетіп қалғанын айтқан еді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті