Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Анамның жағдайы ауыр": Гүлнәр Каримованың қызы анасын түрмеден шығаруды сұрады

Гүлнәр Каримованың қызы Иман анасының денсаулығына шағымданып, оны түрмеден босатуды сұрады. 

Иман Өзбекстан президентінен анасын түрмеден босатуды сұрады. Бұл туралы Иман Каримова Instagram парақшасында жазды. 

"Бүгін анамды көрдім. Он күн сайын ишемиялық талмасы ұстап жүріп", - деді ол.

"Әсіресе гипертониялық кризден кейін пролактин күрт өсті, бұл мидағы гипофиз ісікке әкеледі. Құрметті Шавкат Миромонович, қиын жағдайға және анамның ота жасатуға деген қажеттілікке байланысты, бізді естуіңізді сұраймыз. Әсіресе әйелдердің жазасын либерализациялаудың жаңа бағдарламасының аясында қарауды сұраймын. Сот ауыр қылмыс жасаған әйелдердің босатылуын оң деп санайды", - деп жазды Иман.

Иман сонмен қатар Гүлнәр Каримованың тағдырына алаңдаған барша жұрттан қолдаусұрайды. Бұған дейін Өзбекстан экс-президентінің қызы Каримова жақындарымен ұзақ уақытқа түрмеде кездескен еді. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр