"Анамызбен көрші тұрамыз": Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай отбасындағы соңғы жаңалықтарын бөлісті
Отандық шоу-бизнестегі танымал жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай отбасылық өмірлерінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/akerkeburkitbay/
Жұлдызды жұп “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, өнеріндегі соңғы жаңалықты бөлісті.
“Өзім шығармашылықты қолға алып жатырмын. Ақерке әзірге үйде отыр. Бірақ концерттерге шығып тұрады. Бұл кісі үшін басты міндет – бала қарау. Ұсыныстар түсіп жатыр. Мен де қарсы емеспін. Келісім беріп, сәттілік тілеп отырамын. Әншіден бұрын ана болғасын, бірінші Зейінді ойлайды. Кестемен жүргенді жақсы көреді. Ән сапарларға шыққанда Зейінді алып кетуге тырысады. Егер балаға жағдай жасалмай, шаршайтын болса, онда бас тартуға тура келеді. Менің тарапымнан ешқандай шектеу қойылмайды. Бір-бірімізді осы жағдайда түсінбесек, қай жағдайда түсінеміз?! Сондықтан кино болсын, телехикая болсын, концерт болсын, өзі шешеді. Бірақ ақылдасады, ойымды сұрайды. Бірге жоспар құрамыз", – деді Әли Оқапов.
-
"Даусымды жоғалтып алдым": Әли Оқаповтың денсаулығы күйзелістің кесірінен сыр берген
-
"Оған әлі ерте": Әли Оқапов інісі Мәдидің шаңырақ көтеруге асықпайтынын жасырмады
Қобызшы келіннің айтуынша, жұлдызды ене Роза Рымбаевадан үйренері көп екен. Ол бала күтімінен бастап, үй тірлігіне дейін көрсетіп, тәрбиелеген көрінеді.
“Карантин кезінде төрт адам үйге қамалып қалдық. Таңертеңнен кешке дейін тамақ пісіреміз, іс тігетін болдық. Көп адам біле бермейді, ол кісінің қолы өте шебер. Ән айтып отырып, көрпе тігіп тастай береді. Сахналық киімдерін өзі тігіп киеді. Біз үйленгеннен кейін, үйдің жөндеу жұмыстары бітпегендіктен, анамыздың қолына көшіп бардық. Өте жақсы сыйласып тұрдық. Ата-енемен тұру, бөлек тұру әр отбасында әртүрлі. Сондықтан біз нақты пікір білдіре алмаймыз. Қазір бір тұрғын үй кешенінде тұрамыз. Пәтеріміздің арасы – бір-ақ минут. Зейінге 2-3 рет келіп, суға түсіреді, тамағын береді. “Әжесінің баласы” екенін мойындау керек. Анамыз да: “Өздерің туып алыңдар! Зейін екеуміз ағылшын тілін оқимыз, көп саяхаттаймыз” деп отырады. Әлидің кішкентай кезіне ұқсайды екен”, – деп жан сырын ақтарды Ақерке Бүркітбай.
Еске салайық, Әли Оқапов ұлының тұсаукесер тойын өткізіп, тек жақындарының ғана басын қосқан еді.