Анафилактикалық шок расталмады: Дәрігерлер сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне не себеп болғанын айтты
Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы сенатор Гүлмира Кәрімованың анафилактикалық шоктан көз жұмбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы бойынша науқастың өліміне асқынған миакард инфракті себеп болған. Анафилкатикалық шок расталған жоқ.
"Сонымен қатар жедел жәрдемнің дер кезінде – 5 минутта жеткенін қосып өткіміз келеді. Бригада жеткенде науқас көз жұмғаны анықталды. Есінен танған, тамыр соққасы болмады және дем алмай жатқан. Бұған қарамастан тиісті шаралар қабылданды, бірақ нәтиже бермеді. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз", – делінген хабарламада.
Еске салайық, Гүлмира Кәрімованың көз жұмғаны туралы 27 қаңтарда белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы 25 қаңтарда Кәрімованың сенатор ретінде тіркеген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"