Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сахнаға неге шығасың дегендер болды": Әміре өнер жолындағы сәтсіздіктері жайлы айтты

Соңғы жылдары бағы жанып, "хитмен" әншілердің біріне айналған Әміре (Ернар Садырбаев) өнер жолын бастаған кездегі қиыншылықтары жайлы айтты. Әнші "Қызық LIVE" бағдарламасында қонақта болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Музыкалық мектепте білім алған Әміре жастай түрлі байқауларға қатысқан. Алайда бүгінгідей жұлдызы бірден жана қоймаған. Тіпті, алғашқыда оның әншілік қабілетін күмән келтіргендер де көп болыпты. 

"Өте ұялшақ, өзіне сенімсіз бала болдым. Мектеп кезінде қатысқан байқаулардың бірі. Әнді айтып тұрып, жоғары нотаға келгенде құрттым. Барлығы маған күлді. Кейін қыздар келіп: "Ән айта алмасаң, сахнаға неге шығасың?!" - деді. Ол кезде кішкентай баламын, көңіліме алып қалдым. 

Бірақ анама: "Келесі жылы осы байқауға барып, орын аламын", - дедім. Анам: "Иә, балам, жетесің", - деді. Сөйтіп үшінші орын алдым. Бірнеше жыл өткен соң бұл байқау халықаралыққа конкурсқа айналды. Ересектер категориясына қатысып, бірінші қатысқан халықаралық байқаудан гран-при алдым", - деп бөлісті Әміре.



Әнші бұдан: "Ешқашан ешкімді тыңдамаңыздар, армандарыңызға ұмтылыңыздар", - деп қорытынды шығарды.

Әзілкеш Еркебұлан Мырзабек Әміренің оқушы кездегі образын, шаш үлгісін Қайрат Нұртасқа ұқсатты. Әміре Қайратқа еліктегенін растады.

"Бұл 2008 жылдың шамасы. Дима Билан, Қайрат Нұртас ағамызға еліктедік. Дима кейін менің тәлімгерім болды, Қайрекеңмен қазір әріптеспін деп айтуға болады", - деді Әміре. 


 

Талқылау