Амстердамда өзіне қол жұмсайтындарға арналған үйшік жасалды
Амстердамда жерлеу рәсіміне арналған көрмеде өзіне қол жұмсайтындарға арналған көліктің прототипі таныстырылды.
Оны құрған голландилық дизайнер Александр Баннинк мен австралиялық белсенді Филип Ничке. Олар көп жылдан бері эфтаназия дертін қолдап келгендер. (ред. эфтаназия – науқас адамды қинамай жеңіл өлтіру тәжірбесі).
Көлікте азоты бар резервуар, дәрілер бар. Өзіне қол салғысы келген адамның аздап басы айналып, есін жоғалтып, бірден көз жұмады.
Құрастырушылар бұл жоспарын жыл соңына дейін аяқтамақ ниетте. Көрмеде өзін өлтіруге арналған көліктің тек виртуалды түрі ғана таныстырылды.
Авторлар ғаламторға көліктің барлық сызба нұсқалары мен өзге де ақпараттарын жарияламақ.
Тағы да оқыңыз:
Қылмыскерлер кек алу үшін көпбалалы ананы балаларының көзінше атып тастады (видео)
Полицейлер есірткі саудалаушыларды WhatsApp-тағы суреттен саусақ іздерін анықтау арқылы ұстады