Әміре: Өкініштісі, кей жастар қазақ болудан ұялады
Әміре қазақтың тілі мен музыкасын менсінбейтін жастар жайлы айтты. Ол жастарды бірінші кезекте ұлттық мәдениетті қолдауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Мен қазақтың менталитетін, музыкасын, тілін сәнге айналдыру керекпін. Өкінішке қарай, біздің кей жастар қазақ болғанына ұялады. "Ой мен қазақша білмеймін, тыңдамаймын" дейді. Қазақ қазақ болудан ұялмау керек. Қазақстанда қазақтың музыкасы бірінші орында болу керек. Ол шовинистік, ұлтшылдық емес. Ол өз тіліңді, ұлтыңды құрметтеу.
Қазақ қазақтың болмысынан, тілінен, қазақтың эстрадасынан, тойдан да ұялмау керек. "Ой мен тыңдамаймын, бармаймын, қазір шетелден анау келе жатыр. Соны тыңдаймын" дейтін жастар бар. Қазақ қазақтың мәдениетін қолдау керек", - дейді Әміре.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр